Бүгінгі ерлі-зайыптылар шариғатқа дұрыс жүгіне алмайды

/uploads/thumbnail/20170709223023788_small.jpg

Бүгінгі ерлі-зайыптылар шариғатқа да дұрыс жүгіне алмайды, астапыралла! Ері "қатын сөйту керек екен аказибатса" десе, әйелі "еркек бүйту керек" деп шаптығады. Құдды, оларға діни құндылық бірін-бірі кемсіту, бір-біріне айтқанын орындату үшін ғана пайда бола қалған тәрізді... 
Дәстүрлі Исламда ердің де, әйелдің де міндет, парыздары көп жазылған. Өкінішке қарай, әйелдер ерлерге қатысты өздері орындауы тиіс парызды назарға ілмей, тек әйелге қатысты жақсы жағдайды ғана оқиды, көшіреді, жұртқа таратады. Ерлер жағы тағы солай...
Шіркін-ай, сол хадистердегі өз міндеттерін екі тарап та орындай алса ғой! Сонда әлем пенделерінің бақыттан басы айналып жүрер еді. Өкінішке қарай, ешқайсысы олай етпейді. Себебі, ішкі "мені" шайтан ұя салған нәпсісін парыз орындауға жібермейді. "Жұбым маған тек өз міндеттерін ғана орындап отырса екен" деп армандайды. Егер миын сәл іске қосып көрсе, ондай жақсылыққа өзінің түк те лайық емес екенін сезер еді. Өзінің парызын да сезінер еді!
Жұбынан кем болмаймын дейтіндер міндет, парыз орындау жағынан тең болсын алдымен!

Еркеғали Болатұлы

Қатысты Мақалалар