Шымкенттің әкімі: Кептелісте тұрғыларың келмесе, жаяу жүріңдер, сендерге бола ағаштарды кеспейміз

/uploads/thumbnail/20170709223207528_small.jpg

Шымкент қаласының әкімі автокөлік иелерінің жағдайын жасап енді әлек болмаймыз деді деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Жергілікті «Отырардың» орыс тілдегі ақпаратына сүйенсек, Ғабидулла Әбдірахымов мырза мердігерлермен болған жиналыста көлік кептелісі мәселесін қозғапты. Байтұрсынов көшесі Шымкенттің ең көп машина жүретін көшесі екен. Соған қарамастан Шымкенттің әкімі аталмыш көшені кеңейтуден бас тартты.

«Байтұрсынов көшесіндегі кептелісте тұруды ұнатпаған жүргізушілер үшін біз ағаштарды кесіп, машина жүретін жерді кеңейтпейміз. Қажет болса, үйінен жарты сағат бұрын шықсын да жаяу жүрсін не қоғамдық көлікке, велосипедке отырсын. Кептелістен жүйкесі жұқарса, жаяу жүріп таза ауа тыныстайды. Тұрақтайтын жер іздемейді әрі жанармайға ақша шығындамайды. Қала мен ауылдың айырмашылығы неде? Эстетикасында яки сыртқы сұлулығында. Біз жаяу жүргіншілердің жолын әдемілеп, қаланы абаттандарып, оның сәулетімен айналысуымыз шарт. Бекерден бекер жолды кеңейте бермей...» деді қала әкімі Ғабидулла Әбдірахымов.

 

 

Қатысты Мақалалар