Бес балаға жүктімін деген әйелдің құпиясы мәлім болғанда халық жағасын ұстады

/uploads/thumbnail/20170709223808604_small.jpg

Жақында ғана Пол Серват бақыттан бал-бұл жайнап жүрген. Кездесіп жүрген Барбара есімді қалыңдығы аяғы ауыр екенін айтқан. Бес бала  дүниеге келуі керек еді деп жазады qamshy.kz.

Уақыт өтіп жатты Барбараның іші үлкейе бастады. Қос ғашық бес баласына есім де дайындап қойды. Алайда, болашақ ананың ай, күні жақындағанда Пол жағымсыз жаңалықты естіді.

Дәрігерлер Полды оңаша шақыртып алып, Барбараның екі қабат емес екенін айтқан. Қалыңдығында психологиялық және физикалық фантомды және жалған жүктіліктің барлық белгілері байқалған.

Мұндай жағдайда әйелдің ағзасы жүктіліктің барлық белгілерін көрсетеді. Іші өседі, жүрегі айныйды, баланың іште қимылдағандай әсер қалдырады, тіпті сүтте пайда болады екен. Аурудың мұндай түріне тек адамдар ғана емес, иттер, мысықтар мен шошқлар да шалдығады екен.

Белгілі болғандай, дәрігерлер Барбараға оның синдромы жайында бұрында айтқан екен. Алайда, ол Полдан шындықты жасырып, бірнеше ай бойы оған жүктімін деп айтып, алдап келген.

Барбарамен мұндай жағдай екінші рет қайталанып отыр екен. Полға дейін жүрген жігітін де дәл осылай алдаған болып шықты. Жергілікті тұрғындарда өз наразылығын жасырмады. Себебі, олар «болашақ бес баланың анасына» түрлі тағамдар, сәбидің киімдерін, садақа ретінде ақша беріп тұрған екен.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар