Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы қазақстандықтарға арнайы үндеуін жариялады

/uploads/thumbnail/20170709223938414_small.JPG

Бүгін Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының отырысы өтті. Онда еліміздегі жетекші саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері Қазақстанның жаңа Конституциясына қатысты бірлескен мәлімдеме жасады. Коалиция мүшелері Президенттің Ата Заңға қол қоюын тарихи жағдай деп бағалап, құжаттың өзін жаңа саяси құрылымның іргетасы ретінде қабылдады.

Шара барысында күшті президенттік биліктің сақталуы мен жаңартылған Конституцияда тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше рөлі одан әрі нығая түскені айрықша аталып өтілді. Мемлекет басшысы бар болғаны ширек ғасырдың ішінде елімізді әлемдік деңгейдегі өте қуатты және беделді мемлекетке, сондай-ақ, тұрақтылықтың, бірліктің және қарқынды экономикалық дамудың орталығына айналдырып, қазақстандық жарқын жетістіктің аса көрнекті сәулетшісі атанды.

Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы конституциялық реформаның басты мақсаты қазақстандық жетістіктің негізгі тетігі ретінде қоғамды ұйыстыру екенін айтты. «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының айтуынша, Елбасымыздың Үшінші жаңғыру мен «Қазақстан-2050» даму стратегиясы аясында алдымызға қойған міндеттерінің ауқымдылығы мен аса күрделілігі ескеріліп, жаңа кезеңде де бірлік, біртұтастық және тұрақтылық сияқты негізгі құндылықтардың маңызы арта бермек. Сондықтан жаңадан қабылданған Ата Заңды бүкілхалықтық келісімнің Конституциясы деп атауға толық негіз бар. «Біздің бүгінгі басқосуымыздың да Бейбітшілік және келісім сарайында өтуі тегін емес», – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Жиынды қорытындылай келе, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары: «Президентіміз еліміздің саяси аренасында осындай ауқымды реформа жүргізу арқылы бізге үлкен үміт артып отыр. Енді біз Елбасы мен барша Қазақстан халқының зор сенімін абыроймен ақтауға тиіспіз», – деді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар