Желіде "Фирма қарызын төлей алмағаны үшін директоры таяқ жеді" деген атпен видео таралды деп хабарлайды qamshy.kz. Одан екі ер адамның төрде отырған адамға қоқан лоқы көрсетіп отырғанын көруге болады. Төрде Путинге ұқсайтын ер адамның суреті ілінген. Содан оқиға Ресейді болды деп топшылаймыз.
Кабинетте орнатылған жасырын камераға ер адамдардың біреуі үстелдің үстінде тұрған ақ қайнар құтысымен адамның басынан ұрып, одан кейін жұдырықтай бастағаны түсіп қалған. Шуды естіген белгісіз біреу кабинетке кіріп келгенде екіншісі сөмкесіне қол сұғады. Онда тапанша болуы мүмкін. Бір-біріне ымдап сөйлескен екі ер адам кабинетке кірген адамды да қорқыта бастайды.
Ғаламторда жарияланған бұл видеоға пікір білдіргендердің дені соққыға жыққан ер адамды жақтаған.
Пікір қалдыру