Қазақтың мақтанышы, елімізді әлемге танытқан Димаш Құдайбергенге бүгінде бар әлемнің назары ілігіп отыр. Осыған дейін Джеки Чан, Лара Фабиан сынды әлемге әйгілі тұлғалар Димашқа қатысты пікірлерін білдіріп, тіпті, кездесуге шақырған. Ендігі кезек Канадада.
Канадалық режиссер, продюсер және антрополог Найоби Томпсон қазақстандық жас талант туралы пікірін білдірді. Бұл жайында «Караван» газетінің сайты хабарлайды. |
«Мен жақында ғана Қытайда ән айтқан Димаш Құдайбергенов деген қазақ туралы естідім. Мен үшін бұл Қазақстанның мәдениетінің байлығын көрсетті. Дәл осы байлық менің назарымды аударып отыр. Мұнда керемет суретшілер, актерлер, таланттар бар. Қазақстанмен бірге жаңа жоба бастағым келеді», – деді режиссер.
Есте болса, өткен сенбіде Димаш қазақтың халық әні “Дайдидау” мен “Адай” күйін әлемге паш етті. Тоғызыншы кезеңде «All by Myself» әнін орындап еккінші орынды иемденді.
Пікір қалдыру