Қоқыс контейнерінде жаңа туылған нәресте табылды. Оны Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының бірінде жатақхана жанынан кездейсоқ адам тауып алған. Ал іздестірілу нәтижесінде табылған бала анасы жансақтау бөліміне жеткізілді. Бұл туралы «Қамшы» порталы сaravan.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Сағат таңғы 6 лар шамасында ер адам сәбиді қоқыстан көріп қалған. Баланы тауып алған ер адам бірден полицей қызметкерлеріне хабарласып, жедел жәрдем шақыртқан. Кіндігі кесілмеген баланы ауруханаға жеткізгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Бала бірер сағаттан соң көз жұмған. Полицей қызметкерлері жатақхана бөлмелерінің бірінде сәби анасын тапқан. Ол 18 жасар Қызылорда облысының тұрғыны, Алматы қаласы жоғарғы оқу орындары бірінің 2-курс студенті екен.
Медицииналық көмекке мұқтаж болған қызды жансақтау бөліміне жеткізген. Жас ананың жатақхана бөлмесінде өзі жалғыз босанғандығы белгілі болып отыр. Қазіргі уақытта жас қызға қатысты тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Пікір қалдыру