Маңғыстау ауылы арақ сатылмайтын ауылға айналмақ

/uploads/thumbnail/20170709224636868_small.jpg

Онды ауылының мәдениет үйінде Маңғыстау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманқос Ертілеуов, аудан ақсақалдарының алқа мүшелері, Шаймырза Байпақов, Нұрсұлтан Машрупов бастаған ақсақалдар келіп, «Садақа өткізудің Маңғыстаулық ортақ әдебі» атты жиын өткізді. 
Ауылдықтар, «Садақа дастарxанынан торттар мен салаттарды, апельсин, банан, алмаларды аламыз, садақаға пакет әкелуді тоқтатамыз» деп ортақ пәтуаға келді.
Жиында сонымен бірге, «Онды ауылын арақсыз ауыл жасайық» деген бастама көтерілді. 
«Қасиетті рамазан айынан бастап Онды ауылында арақ сатпайық, дастарxанға арақты қоймайық, ауылға арақты кіргізбейік» деген ұсыныстар айтылды. 
Алла қаласа киелі Онды ауылы Маңғыстауда алғаш рет арақсыз ауыл атанатын күнде алыс емес. 
Ондылықтар, Шетпе ақсақалдарына алғысын білдірді.

Жәнібек Қожықтың Фейсбук парақшасынан

Қатысты Мақалалар