Қызылордалық полиция қызметкері өз әріптесін атып тастады

/uploads/thumbnail/20170709224646321_small.jpg

Қызылорда қаласы прокуратурасының аумағында күзет ғимаратында табелдік қарудан оқ атылған, деп хабарлайды Sputnik
Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері Қызылорда қаласы прокуратурасы аумағында кезекшілік кезінде әріптесін атып тастады деп мәлімдеді Қызылорда облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 8 наурыз күні күндіз қалалық прокуратураның күзет ғимаратында болған. 
"Қызылорда облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері табелдік тапаншадан оқ атқан, салдарынан онымен бірге жасақта болған полицей жарақат алып, көз жұмды", — деп ақпарат берді полиция. Күдікті қамауға алынды. "Кісі өлтіру" бабы бойынша сот алды тергеу ісі жүргізіліп жатыр. 

Қатысты Мақалалар