Сұмдық! Қытайлар жасаған пластик күріш Алматы дүкендерінің сөрелерінде тұр

/uploads/thumbnail/20170709224734791_small.jpg

Алматыда ер адам дүкендердің бірінен күмәнді күріш сатып алған. Біртүрлі дақылдың видеосын ер адам Tengrinews.kz редакциясына жіберген. 

Оның айтуынша, азық 8 наурызда "Қазақфильм" ықшамауданындағы қалалық кішігірім дүкендердің бірінен алынған. 

«Сөреде бірнеше пакет жатты, сыртқы қабаты әдемі, тәп-тәуір күріш болатын. Кеше қайнатайын деп, жудым, сол кезде байқағаным, күріштің түсі өзгеріп кетті, жартылай ақ, жартылай селдір бола түсті. Бес минуттан соң барлығы аппақ болды. Мен күрішті қолыма алып, езгенімде ол ұнтақталып кетті», - дейді Владимир.

Алматы тұрғыны Қытайдың пластик күрішін сатып алдым деген ойда. Ол күмәнді дақылды жеуден бас тартқан. Сатып алған затын қоқысқа тастапты.

«Алматылықтарға ескерткім келеді, күріш сатып алғанда абай болыңыздар. Мен мұндаймен алғаш рет кездесіп отырмын, жағымсыз жайт», - деді ер адам.

Осыған дейін БАҚ өкілдері, Қытайда қолдан жасалған күріштің пайда болғанын жазған. Ол картоптан және пластмассадан жасалатын көрінеді. Мамандар қолдан жасалған күріштің адам денсаулығына зиян екенін айтады. Оны пайдаланған жағдайда адамдар қайтыс болуы да мүмкін.

Қолдан жасалған күріштің Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде таралғаны хабарланды. Қазақстанға пластик күріштің кіргені туралы ресми мәлімет жоқ.

Қатысты Мақалалар