«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа демекші» әлемде біз білмейтін, көз көрмеген салт жоралар мен дәстүрлер өте көп. Оның ішінде түсінбей жататындарымыз қаншама? «Қамшы» порталы әлемдегі ең жантүршігерлік әрі түсініксіз салт-жораларды анықтап көрді.
Сәбилерді биіктіктен лақтыру

Үндістанда Гришневор деген ғибадатхана бар. Осы ғибадатханада ең қауіпті салтты жүзеге асырады. 1-2 жасар сәбилерді 15 метрлік биіктіктен лақтырады. Лақтырмас бұрын баланы сілкіп-жұлқып, әбен жылағанша есін шығарады. Бала төменде ақжайма ұстап тұрған көпшілікке қарай құлайды. Бірақ осымен салт-жора бітпейді. Есі шыққан бала осыдан соң жиналған таныс емес адамдар арасынан қолма-қол өтуі тиіс. Сонда осы балаға қолдары тиген адамдар бақытты болады деген сенім қалыптасқан. Ал барлық адамның қолынан өткен бала ең соңында ғана анасының қолына тиеді.
Азаптану

Папуа Гвинея халқы салтында ұлдың яки ер-жігіттің ересектікке өту процесін жүзеге асыру жүргізіледі. Жас жігіт ересектік, еркектік шаққа өтуі үшін белгілі-бір сынақтан өтуі тиіс. Ең бірінші үлкендерді сыйлау, құрматтеу мақсатында ер-жігітті ұрғызады. Содан соң кеудесін тіліп, қан шығарады. Келесі күні денесін тағы да бамбуктың үшкір қабығымен тіледі. Бұл салт орындалу барысында жігіт әйел адамның ешқайсысымен сөйлеспеуі, көмек сұрамауы тиіс. Бұл процесс аяқталған соң жігітті қоршаған ортадан аулақтап, жалғыз қамап қояды. Дәл осы уақытта оған қолтырауынның рухы кіреді деп есептеледі екен.
Құмырсқа қолқаптары

Бразилияда Сатере-маве тайпасында ұл бала 13 жасқа келгенде сынақтан өтуі керек. Жасөспірім қолына құмырсақалары бар қолқап киіп он минут бойы билеп шығуы тиіс. Мұндағы басты шарт қатты жаны қиналса да, айқайлап жібермей шыдау қажет.
Окип салтанаты

Солтүстік Дакотада Мандана руында жан-түршіктірер салт бар. Окип мейрамы 4 күн бойы тойланады. Осы күндер ішінде жастар өздерінің қаһармандық қасиеттерін дәлелдеу үшін сынақтан өтеді. Осы уақыт аралығында тамақ ішуге, демалуға тыйым салынады. Нәтижесінде жігіттердің шынашақтарын кеседі. Басты шарт не болса да, күлімдеп тұру.
Тіс егеу

Индонезиядағы Ментавай аралында қыздар тек тістерін егеген соң ғана сұлулана түседі деген сенім қалыптасқан. Тісті егеуді тастар мен кесу құралдары арқылы жүзеге асыру шарт.
Каннибаллизм

Үндістан солтүстігінде әлі күнге дейін адам жегіштер мекендейді екен. Ахорис тайпасынан шыққандар адам етінің күш пен энергия беретініне, әлемді тануда түсінуде таптырмас қажетті ас деп түсінеді. Осы мақсатта олар өлген адам мәйіттерін қуырып жей береді екен.