Иттің басын басқа жануардың денесіне жалғаған ғалым әлемді дүр сілкіндірді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709230406660_small.jpg

Беляевтің «Голова профессора Доуэля» романы көптің есінде. Романдағы денеден оқшауланған мидың жұмыс істеуі қиял ғажайыптан шындыққа айналды. Советтік физиолог Сергей Брюхоненко қанды жасанды түрде айналдыратын аппарат жасап шығарды. Оның көмегімен ол иттің өмірін сақтап қалған. Кейінірек иттермен тәжірибе өткізген Владимир Демихов зор жетістіктерге жетті деп жазады qamshy.kz.

Демихов өмір бойы транспантология саласында еңбек еткен. 1946 жылы ол итке екінші жүрек сала алған адам. Уақыт өте келе жүрек пен өкпені ауыстыруды үйренді.

Кейінірек Владимир Петрұлы әлемге екі басты иттерімен танылды. Олардың саны 20 еді. Бұл жануарлардың фотолары фантастикалық фильмдерді еске  салады.

Өкінішке орай, басқа ағзаны өгейсіну мәселесін шеше алмады. Сондықтан, Демихтың гибридтері бір айдан артық өмір сүрмеді.

Екі басты ит және денесіз бастың өмір сүруі қазірдің өзі мүмкін емес секілді көрінеді. Видеода көрсетілген кадрлар 50 жыл бұрын түсірілген.


 

Қатысты Мақалалар