Қан сараптамасын тапсырған ер адам «екі қабат» деген нәтиже алған

/uploads/thumbnail/20170709230439191_small.jpg

Өзбекстанның Ташкент қаласында Мирзо-Улугбек ауданындағы емханаға ер адам қан тапсырған. Оның нәтижесі барлығын таң қалдырды. Мирзо-Улугбек ауданының тұрғыны қан сараптамасынан екі қабат деген қорытындыны көргенде еш таң қалмады деп хабарлайды "Қамшы" nuz.uz сілтеме жасап.  

«Ең бірінші кімнен деген сұрақ келді. Әйелімнен бе? Тіркеу бөлімінде маған басымызды ауыртпауын сұрады. Мен қайта тексеруді өтіндім. Бәлкім есімдерден шатасып кеткен шығар. Алайда олар қателік болу мүмкін емес екендігін айтты. «Сіздің аты-жөніңіз тұр. Яғни сіздің гонаратроптарыңыз. Денсаулық сақтау министрлігі қателеспейді. Сауболыңыз!» деді олар» деп болған жағдайды nuz.uz журналистеріне баяндап берді Мирзо-Улугбек ауданының тұрғыны.

Алайда  ер адам кетуге асықпаған. Мейірбикелерден жүктіліктің уақытын сұрап түсініксіз жағдайды қалжыңға айналдырған.

Бұл оқиға сараптама нәтижесінің өз иесін табумен аяқталды. Белгілі болғандай, ол күні қан тапсырған жүкті әйелдер көп болмапты. Емхана қызметкерлерінің өзі мұндай жағдайдың қалай орын алғанына таң қалып отыр.

Егер ер адам табанды түрде сараптама қорытындысын тексеруді талап етпегенде, емхана қызметкерлері өз қателіктері жөнінде білместе еді. 

Қатысты Мақалалар