Ислам тарихында болмаған дүние! Қостанай мешіті бизнес көзіне айналмақ

/uploads/thumbnail/20170709230822554_small.jpg

Қостанай облысының Арқалық қаласындағы 600 адамдық мешіт сатылымға шығарылды. Ақпарат Қазақстандық жарнама ресурстарының бірінде жарияланған. Бұл жайында kostanaytv.kz хабарлайды.

Діни орынды сатылымға шығармақ болған адам мешіт бағасын 200-220 миллион теңгеге бағалап отыр.

«Арқалық қаласында 600 адамдық мешітті сатамын. Ғимарат 85-90%-ға әзір. Жері – 300 соттық. Жалға беру ұсынысын қарастырамын. Жылына 200 мың теңгеге. Ғимаратты өзге бизнеске өзгертуге әзір серіктесті де іздестірудеміз. Құрылыс материалдары бар», - деп жазған мешітті сататынын мәлімдеген азамат.

Атырау қалалық мешітінің имамы Серікжан Еншібайұлы осы ақпаратқа байланысты өз ойын білдірді:

«Шариғатқа сүйенсек, мешітті сатуға болмайды. Ерте замандардан бері адамдар мешітке құлшылық ету үшін келеді. Бұрын-соңды мешіт сату немесе біреуге сыйға тарту деген дүние орын алмаған. Мүмкін, заң бойынша рұқсат етілген шығар, бірақ шариғат рұқсат етпейді»

Қатысты Мақалалар