ҚР-ның cыртқы Істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстан азаматы мәртебесінен айырылған Карим Баратов Канадада хакерлік шабуыл жасағаны үшін ұсталған деп хабарлайды qamshy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап. Yahoo платформасына шаубыл жасады деген айыппен ұсталған экс-қазақстандық азамат 2011 жылы Қазақстан азаматтығынан айырылған.
Сыртқы Істер Министрлігі Карим Баратов есімді азаматтың Қазақстан азаматтығынан заң негізінде айырылғанын жеткізді. Алайда ақпараттың дұрыс берілмеуі салдырынан оны шетелдік БАҚ қазақстандық деп қабылдап отырған көрінеді.
АҚШ билігі 2014 жылы Ресейді хакерлік шабуыл жасағаны үшін айыптаған болатын. Yahoo порталына жасалған шабуылы нәтижесінде 500-ге жуық аккаунттар бұзылған. Американдық ресми тұлғалар екі адамның тұтқындалғанын оның ішінде Карим Баратов та бар екенін жеткізді.
Баратовты Ресей азаматы деп айыптағанымен, The Washington Post газеті оны Канадада тұрып жатқан қазақстандық деп жазған. Хакерді платформаға шабуыл жасап, ақпарат ұрлағаны үшін айыптап отыр. Американдықтардың айтуынша, бұл әрекет Ресейге қажетті және құпия ақпараттарға жол ашу мақсатында жасалған шабуыл болған.