Түркістанда «Алаштану және Музей» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді

/uploads/thumbnail/20170709231127869_small.jpg

2017 жылды «Түркістан түркі әлемінің астанасы» деп жариялауына және Алаш партиясының 100 жылдығына орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы «Алаштану және музей» республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады. Конференция Түркістан қаласында 12 мамырда өтеді. Бұл туралы Qamshy.kz Конференцияның ұйымдастыру комитеті   «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына сілтеме жасап хабарлайды.

Конференция тақырыбының негізгі бағыттары:

Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы орны   

Алаш қозғалысы және Алаш үкіметінің зерттелуі мен насихатталу жайы

Музей және алаштану мәселелері

        Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. Конференцияға Республикамыздағы және шетелдердегі тарих, филология, философия, шығыстану, мәдениеттану салаларының ғалымдары мен алаштанушылар, тарихи-мәдени мұраларды қорғау мамандары, музейлер және тарихи-өлкетану музейлері және ғылыми-зерттеу  институттары мен орталықтарының қызметкерлері қатысады. Конференцияның материалдары жинақ түрінде алдын ала шығарылады.

Конференцияға қатысушылардың қаржылық шығындары өз есебінен немесе жіберуші жақтан төленеді.

Қатысты Мақалалар