Су тасқынынан зардап шегіп, егіліп жылаған 10 жасар қыз сабаққа барып жүр

/uploads/thumbnail/20170710032059543_small.jpg

Кешелі бері әлеуметтік желілерде су тасқыны салдарынан далада қалған 4-сынып оқушысы Махаббат Ешимованың аянышты тағдыры қызу талқыға түсіп жатыр. Қоғамдық резонанс тудырған видеороликте 10 жасар қыз Махамбет ауылындағы үйін су басып қалып, мектепке киетін киімдері мен оқулықтары қалып қойғандығын ашына айтады. 

Аталған видео жариялана салысымен қала билігі жедел әрекет етіп, Махаббат пен оның анасы Тұрғангүл Ешимова қазіргі таңда уақытша тұрып жатқан №40 мектепке барып қайтты деп хабарлайды Қамшы АА Baq.kz-ке сілтеме жасай отырып. Баланың өтініш-арызын қала әкімінің орынбасары Ләззат Оразбаеваның өзі тыңдады.

Айта кетейік, тасқыннан зардап шеккен өзге отбасылардың балалары секілді бұл оқушы да мектепке қажетті барлық құрал-жабдықпен және оқулықпен қамтамасыз етілді.

 

 

Қатысты Мақалалар