Қасиетті Рамазан айының басталуына 1 айға жетер-жетпес уақыт қалды. Әлем мұсылмандары бұл айда ауыз бекітіп, Аллаға құлшылық етеді. Таңнан кешке дейін нәр татпай, тек жақсыны ойлауға тырысып, уақытын дұға етумен өткізетін мұсылман қауымы үшін бұл айдың маңызы зор. Оразаға қатысты халық арасында сұрақ та көп. Ең көбі «намаз оқымайтын адамдардың оразасы қабыл бола ма?» деген сұрақ көбін мазалайды. Бұл сұраққа Мысыр елінің әл-Азһар университетінен шақыртылған дінтанушы, шейх Мұхаммед һашим Жамалуддин жауап берді.