Түркия президентінің баспасөз хатшысы Ибраһим Калын халық әнін шырқады. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Түріктің халық музыкасына әуестігімен танылған және жоғары деңгейде музыкалық аспаптарда ойнайтын Ибраһим Калын «Bir Mendil Aldım Dereden» атты халық әніне клип түсірген. Бұл клип президенттің баспасөз хатшысының youtube-тегі жеке каналына жүктелген.
Бұған дейін 15 шілде шейіттері үшін ән салып халықтың ықыласына бөленген ол, осылайша өнер қырынан тағы да танылып жатыр.