Қанат Ислам ата-анасы туралы Қазақстан Ұлттық арнасындағы Дара жол бағдарламасына сұхбат берді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Қанаттың анасы Қытайдағы «Ардақты 100 ана» атты тізімге еніп, арнайы медаль алғандығы жөнінде Қанат Исламның туысы, ақын, журналист Сейтханза Сламхат айтып берді. Қанаттың айтуы бойынша, ата-анасы өте сабырлы, білімді адамдар болған екен. Сонымен бірге рингтегі Қанаттан гөрі бала Қанат пен оның өскен ортасы туралы біраз әңгіме айтылды.