Әнші Қайнар Қатпай «Айтпады бәрі де» атты бейнебаян түсірді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710055738815_small.PNG

Әнші Қайнар Қатпайдың жаңа бейнебаяны шықты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Әншінің бұған дейін «Астана аруы» атты бейнебаяны тыңдарманға жол тартқан.

Бейнебаян түсірілген әннің тұсауы өткен жылы қазан айында кесілген болатын. 

Сағынып, сарылып, жолыңа қарайладым,

Алдамшы жалғанда бармысың арайлы әнім?

Жанымды гүлге бөлеп, сағынса бір келер деп,

Өтті ғой зарығып сан жылдар, сан айларым.

 

Қайырмасы:

Көктемнен сұрадым көгілдір махаббаттан,

Жаздан да сұрадым мөп-мөлдір жанар ақ таң.

Айтпады бәрі де, айтпады мәңгіге,

Тек менің сағынышым қалады артта.

 

Маусымдар алмасып, жалғасып таңдар ұзақ,

Алыстап барады, қалады арман жырақ.

Елітіп бөтен күйге, өзіңсіз өтер дүние,

Керуендей бұйдасыз Бетпақта қалған шырақ.

 

Қайырмасы:

Күзден де сұрадым сарғайған сағыныштан,

Қыстан да сұрадым маңдайдан зәрі қысқан.

Айтпады бәрі де, айтпады мәңгіге,

Аспайтын өмір екен жазмыштан.

Қайнар Қатпай 1988-жылы, 2-ақпанда ҚХР, Іле қазақ облысы, Текес ауданы, «Шиліөзек» ауылында дүниеге келген. 2007-2009 жылдары «Жаңа әуен» концерттік серіктестігінің әншісі. Қытай халық республикасына танымал «Гакку» тобының мүшесі. 2009-жылы қыркүйекте Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясының «Дәстүрлі ән» мамандығы бойынша, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, дәстүрлі әнші , Рамазан Стамғазиев пен Тұңғыш Президент стпендясының иегері Ерлан Рысқалидан сабақ алған.

2014-жылы Халқаралық дала даусы фестивльнің жеңімпазы. 20-ға тарта әннің , «Бүлдірген қыз» атты ән жинағының авторы. Т. Молдағалиевтің сөзіне жазылған «Сүйеді екем » атты әні, Қазақстан республикасының еңбек сіңірген әртисі Д. Таңатаровтың ән қоржынына енді. Басқада өнер жұлдыздарымен шығармашылық байланыста. Қазір Астана қаласында, Қазақ радиосының қызыметкері. 

Қатысты Мақалалар