Әлемдегі ең сұлу халық қазақтар емес, олар...

/uploads/thumbnail/20170710060550901_small.jpg

Ғалымдар ақсүйектерден құралған ең әдемі халықты анықтады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Біз қазақтар өзімізді әдемі халықтардың қатарына қосып жүрсек әлемдегі ең әдемі халықтың бірі – грузин халқы болып саналады екен.

«Грузия еліне қыдырып келген еуропалықтар грузин халқының қыздары өте әдемі екенін айтқан. Соның ішінде черкес пен грузин қыздары»,- дейді неміс философы Иммануил  Кант.

 «Грузин халқы  ақсүйек ерекшелігімен қатар әлемдегі ең әдемі халық болып табылады»,- дейді неміс ғалымы Ритцель.

Эмиль Франсуа Дессен: «Грузиндердің асханасы мен билері оларды өзге халықтардан ерекшелеп тұрады. Грузин халқы билегенде жас, әдемі қыздарды көре аласың»,- дейді.

«Грузин халқы жер шарындағы ең әдемі халықтар. Олар бойларының ұзындығымен, үлкен денелерімен, нәзік, таза келбеттерімен  және үлкендеу көздерімен ерекшеленеді. Грузин халқы мейірімді және қонақжай болып келеді. Олардың ерекшеліктері әндері мен билері»,- деп жазылған «Ресей империясының география» атты кітабында.

Шолушы:  Ақнұр Мұхтархан

Қатысты Мақалалар