Қоғамдық көліктердің бірінде қарақшылық жасамақ болмақ жас жігіттердің іс-әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Қоғамдық көліктердің бірінде болған оқиға жұрттың жағасын ұстатты. Екі жас жігіт автобусқа адамдар мініп болған соң бірі автобустың есігін ұстап тұрып, екіншісі адамдардың соңынан кірген. Жүргізушіні өтірік әңгімеге айналдырғысы келген олар ең алдыңғы орында отырған бір бойжеткеннің сөмкесін қолынан жұлып алып қашпақ болады. Алайда автобус жүргізушісі еш саспастан автобустың есігін жауып, қарақшыны соққының астына алады. Қоғамдық көліктің есігін ашпастан қылмыскерді дереу полиция қызметкерлеріне хабарласып, жігітті полиция қызметкерлері алып кетеді.
Оқыс оқиға үстінде еш саспай жылдам әрі батыл іс-әрекет жасаған жүргізушінің бұл тірлігіне жұрт тәнті болды. Кез келген жағдайдан
Дайындаған: Назерке Лабихан