Жол үстінде болған жантүршігерлік оқиға көшеде орналасқан бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Видеода көрсетілгендей кішкентай бүлдіршін тоқтамай жүріп жатқан көліктердің арасынан жүгіріп өтпек болған. Алайда ақ джип автокөлігінің алдын кесіп өтуге үлгере алмаған бүлдіршін дереу жерге жата қалған. Ал балақайдың үстінен бір емес екі джип автокөлігі жүріп өткен. Бір қуантарлығы ешкім де зардап шеккен жоқ.
Оқиғаның нақыт қай жерде болғаны белгісіз. Дегенмен, күнделкті мұндай сұмдық оқиғалардың әр түрлісі орын алып жатады. Бірінің жолы болғанымен, кейбіреулердің өмірін жалмайтын жантүршігерлік апаттар соңғы күндері елімізде көбейіп кеткен.
Пікір қалдыру