Олжас Сыдықбек Тұңғышбай Жаманқұловқа пародия жасап қолдау көрсетті (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710074111869_small.jpg

Танымал пародист Олжас Сыдықбек басы дауға қалған өнер ақсақалы Тұңғышбай Жаманқұловқа пародия жасады деп хабарлайды Қамшы  ақпараттық агенттігі.

Ол Тұңғышбайдың орындауымен халыққа танылған Есенқұл Жақыпбектің сөзіне жазылған Қадырғали Көбентайдың «Өнер адамы» әнін орындаған.

«Тұңғышбай Жаманқұлов...

Ұқсата алдым ба, жоқ па?
Қазақ өнеріндегі алып тұлға Тұңғышбай ағаға пародия жасаған едім. Тек дауысын ғана емес, ол кісінің жүрегіне үңіліп, ауыр мұңын түсінуге, ішкі монологын беруге тырыстым. Бір ғана "әттеген-айы" гримерлар ол кісінің түрін ұқсата алмады. Тұңғышбай аға емес, Ақселеу аға екен деп қалуыңыз мүмкін. Ендеше, қарап көріңіз!» деп жазған пародист әлеуметтік желіде.

Естеріңізге сала кетсек, жасы 69-ға жақында толатын Тұңғышбай Жаманқұловтың «69 миллион ақша жымқырды» деген күдікпен жарты жылдан бері соты жалғасып келеді. Өнер адамына қатысты соттың шешуші отырысы өткен жұмада өтуі тиіс болатын. Алайда, дүйсенбіге қалды. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Елбасына араша сұрап хат та жазған. Оны қолдаған өнер адамдары жетерлік. Қоғамда Жаманқұлов ісіне сенбейтіндер көп. Олар істің астарында қолында билігі бар кейбір шендінің жеке мүддесі бар деп санайды.

Қатысты Мақалалар