Назарбаев және Трамп. Эр-Риядтағы басшылар кездесуінің видеосы жарияланды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710080005306_small.jpg

Ақорда Эр-Риядта өткен «АҚШ-Ислам әлемі» саммитінен видео жариялады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Видео Назарбаевтың АҚШ президенті Дональд Трамппен қол алысып амандасуынан басталады. Сондай-ақ, Елбасының Тәжікстан және Әзірбайжан президенттерімен әңгімелесіп тұрғанын байқаймыз.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы «АҚШ – Ислам әлемі» саммиті аясында бірқатар мемлекеттердің басшыларымен және делегация жетекшілерімен қысқа келіссөздер өткізді.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен әңгімелесті. Әңгіме барысында екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары, соның ішінде сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды тереңдету перспективасы талқыланды. Екі ел президенттері күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер жөнінде де пікір алмасты.

Қатысты Мақалалар