Қай жерден болса да қазақтың саудасын қыздырып кетіңіздерші!

/uploads/thumbnail/20170708154927002_small.jpg

Менің баяғыдан бері келе жатқан мынандай бір әдет-дағдым бар. Оны көппен бөліскеннің еш артықтығы болмас деп ойлап отырмын. 

Мен не сатып алсам да, қайдан сатып алсам да, тек қазақ сатушыдан ғана сатып аламын. Кейде әйелім айтады: - Өзіміздікілер алдап жібереді! - деп. Мен айтам: - Алдансақ та қазаққа алданайық, алдаса басқа емес, қазақ алдасын! - деп. Ондағы ойым: менің қалтамдағы ақша, аз ба, көп пе, әйтеуір міндетті түрде қазаққа қызмет етуі керек! Қазақтың әжетіне жарау керек, қазақтың ошағын жылытуға тамшыдай болса да үлес қосуы керек! Бір кәмпит, бір печение болса да, қазақтың баласы жесінші деген ой біздікі! Сондықтан қандай сауда орталығына бармайын қазақ сатушыларын іздеймін! Тіпті кейде өнімдері сәл-пәл нашарлау болса да, қазақтікін сатып аламын. Жалтырап, жайнап тұрса да, орыстікіне ешқашан жоламаймын, жолаған да емеспін. Ол менің ата жауым. Қазақ даласына қанды қырғын салған да солар. Ертең соғыс болса, маған қарсы тағы да қару сілтейді, Украинадағыдай бауырларымды өлтіреді... Ал қазақтың қазақтан басқа досы жоқ! Қанша жерден руға бөлінгенімізбен, басымызға күн туса, жауға қарсы бірлесіп атойлайтынымыз анық! Сондықтан бөлінбейікші, ағайын! Сіздер де қайдан, қай жерден болса да қазақтың саудасын қыздырып кетіңіздерші! Бұл басқа емес, қазаққа жасаған жақсылықтарыңыз болады. Бұған менің жанұям, бала-шағам әбден үйренді. Сіздер де үйреніңіздерші, ағайын!

Думан Рамазан. 

(Facebook-тегі парақшасынан) “Қамшы” сілтейді

Қатысты Мақалалар