Қытайдағы Чанчжоу қаласының зообағында жантүршігерлік оқиға орын алды. Жұмысшылар тірі есекті үш жолбарыстың ордасына лақтырып жіберген. Бұл жайында Daily Mail жазады.
Жануардың өлімі зообақтағы бейнебақылауға түсіп қалған. Бір топ ер адамдар қорғансыз есекті жолбарыстар мекен ететін орынға лақтырып жібергенін көреміз.
Бірнеше минуттардан кейін үш жыртқыш есекті өзара бөлісіп алды. Ал адамдар жыртқыштың қарнын тойдырып риза.
Шолушы: Гүлім Жақан