Суға батқан 170 келілік аюды құтқарған биолог көпшілікті сүйсіндірді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710103334380_small.jpg

Әлем халықтарының ішінде алып жануарларды үйде асыраушылардың қатарына Ресей жұртын жатқыза аламыз. Ал жануарға деген мейірім тек оларға ғана тән деген емес екен. АҚШ тұрғындары да алып жануарларға деген махаббаттарын көрсетеді.

Таңғажайып оқиға Флорида штатында орын алды. Жақын маңдағы орманнан қара аю шаруашылықпен айналысатын тұрғындардың жеріне өтіп кеткен. Алып жагуар кезекті тіршілік иесін жемтік еткен кезде, үй иесі полиция шақырған. Полиция қызметкерлері еш ойланбастан аюға оқ ата бастаған.

Адамдардың іс-әрекетінен үріккен аю теңізге қарай бет алған. Оқ ішінде ұйқы шақыратын дәрі болған. Дәрі әсер етіп, аюдың алдыңғы аяқтары істен шыққан. Теңізде жүзе алмайтын халге жеткен аю өлім аузында тұрған.

Сол сәтте 170 келі болатын алып аюға көмек көрсету үшін Адам Уорвик есімді биолог теңізге бет алады. Өз өмірін тәуекел етіп, аюды құтқарып шығады.  

Аударған: Айгерім ТАУБАЙ

Қатысты Мақалалар