Беті – сақал, ауызы – аяқ-киім, өзі - әнші

/uploads/thumbnail/20170708155745600_small.jpg

Бұл күнде жарнама беті жұлдыздар жиналар мекен болған. Тыңдармандарын таң қалдыру үшін «таңғажайып» өнер адамдары қай жолдың болсын басын шалып көреді. Селк еткізер селфиі болсын, жеке басына қатысты дүниелері болсын, дүркін-дүркін жариялап, жалпымақтау алып жатқаны. Жалт етіп жарнамадан да көрініп қалады. Халық арасында қалып бара жатқан абыройын бір сілкіндіріп алу да мақсат болса керек. Әлеуметтік желіде әншілердің тек әжетханда түскен суреті жоқ қалғанына қайырымдылық жасаған. Бұл да жарнама. Хош, жанкүйерлерінің жан қиыла сұранысы бойынша шығар. Қазір «сенсация» жасаудың жалқау түрлері қаптап кетті. Пиар арқылы берекесі кете бастаған абыройыңыздың бәрін болмаса да біраз бөлігін қайтарып алуға мүмкіндігіңіз бар. Бұл үрдісті әншілер қауымы қажетіне жаратып-ақ келеді. Теледидар жарнамасының тұқақты көрерменіне айналған біздер үшін жылт еткен бейне-роликтен көрінген  өнер адамы көңіліміздегі бейнесін кемелдендіре түседі. Қала көшелеріндегі билбордтарда да солай, Илья Илин, Роза Рымбаева,  Баян Есентаевалар түскен жарнамалар қала көшелерін көріктендіріп тұр. Бұл танымалдылық өнімнің де, өзінің де абыройына «жұмыс істейді». Айтар ауыздың алдында жүреді. Жалпы халық теріс көрмейді. Ал енді бізді ойландырып, ішкі қарсылығымызды тудырғаны мына жарнама болатын.

Бұл қаламыздағы жеңілдіктен көз ашпайтын KIMEX GRAZIE брендтік дүкенінің жарнамасы. Суретте Нұрлан Абдуллин мырза. Бұл кісінің де бір кісілік абыройы, әншілігі бар адам. Бірақ мына жарнаманың қаншалықты материалдық пайда түсіргенін білмесем де моральдік тұрғыдан мысқалдай абырой әкелгеніне шүбәм бар. Халық өнер адамының аузында дуасы бар деуші еді, мынадан кейін дуамыздың иесін таппай  жүрген шығар. Ердің жасы елуге келген ағамыздың аузы туфлидің өкшесі тұратын жер болғаны ма? Сахна суыт қарағалы сол деңгейге түсті ме? Айтпақшы бұл жарнама плагиат болып шықты. Жарнаманың түпкі иесі MAX Shoes швецариялық бренді екен. Көптеген  фестивальдердің жүлдесін жеңіп алған көрінеді. Бұның арты қырғыздан алған «қызыл өріктей» ағайынгершілікпен шешілсе құба-құп..!

Орынбасар Бақытбек

Қатысты Мақалалар