Оралмандарға арналған ақпараттық-құқықтық материалдар жинағы шығарылды

/uploads/thumbnail/20170708155744770_small.jpg

Семейде оралмандардың Қазақстан заңдарын білуі тұрғысындағы білімдерін кеңейтуге көмектесу үшін ақпараттық-құқықтық материалдардың жинағы дайындалып, шығарылды. Олар тегін таратылуда, деп хабарлады қаланың ішкі саясат басқармасынан. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

БҰҰ-ның Даму бағдарламасының өкілдері «Инновациялық тәсілдерді аймақтық жоспарлауға енгізіп, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету арқылы аймақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасының аясында ШҚО-ға тұрақты түрде тұруға келген оралмандардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл құралдарды шығару үшін «Семей жастар Ассамблеясы» қоғамдық бірлестігімен тартылған магистрлер мен заңгер ғалымдар тер төкті. Қазір алғашқы алты брошюра жарыққа шықты. Онда атажұртына оралғандарға халықтың көші-қоны, зейнетақымен қамтамасыз етілуі, тұтынушылардың құқығын қорғау, мемлекеттік сатып алулар, мемлекеттік әлеуметік тапсырыс салаларындағы заңдары мен Неке және отбасы туралы кодекс нормалары түсіндірілген. «Біз бұл кітапшаларлы оралмандар өз беттерінше әлеуеттерін артырып, туындаған мәселелерді өздері шеше алуы үшін шығарып отырмыз. Заңды білмегеннен адамдардың құқықтық қателіктерге жол беріп, кейін ақша беріп адвокаттарға жүгіну арқылы туындаған мәселелерін шешетіндері жасырын емес. Сондықтан біз бұл кітапшалар оралмандардың қазақстандық қоғамға әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан бейімделуіне септігін тигізеді деген үміт артамыз», - дейді қоғамдық бірлестік төрағасы Мақсат Кәрібаев.

Қатысты Мақалалар