Жұлдыздар қауымы марқұм Шалқар Үркімбаевтың науқас баласына қаржылай көмек көрсетуге шақырды

/uploads/thumbnail/20170716220622910_small.jpg

Марқұм актер Шалқар Үркімбаевтың келіншегі бұдан басқа амалы жоғын айтып, жұрттан көмек сұрады. Жалғыз ұлына ота жасатуға қомақты қаржы керек болған екен. Әйелдің жан айқайын естіген жұлдыздар төмендегі жазбаны жарыса бөлісіп, желідегілер мен әріптестерінен көмек сұрап жатыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

“Ақсана Үркімбаева деген келіншек бар. Талантты актер, осыдан бірнеше жыл бұрын қайғылы жағдайда қайтыс болған Шалқар Үркімбаевтың жұбайы. Үш баламен қалды. Осыған дейін Құдай қосқан қосағынан айырылып қайғы жұтты. Одан өз денсаулығы сыр беріп, анау-мынау шыдас бермейтін сынақты өткізді басынан. Одан балаларымен далада қала жаздап, баспанасының (бір бөлмелі жатақхана) мәселесімен (үкіметтен көмек ретінде алып қалу үшін) бар өмірі өтті Ақсананың.

Енді бауыр еті баласы мынадай ауруға тап болып, елден ашық түрде көмек сұрап отыр. Өзге амалы да қалмаған. Уақыт аз, күн санаулы! Марқұм Шалқар мен Ақсананың көзі жəудіреген балапанына көп болып көмек созайық, репост жасайық, пост жазайық! Ақсана маған ешкім де емес, өмірімде бір рет көрмегенмін. Өзі телефон шалып өтінген соң, баспанасы туралы осында жазғанмын баяғыда. Қазір жазғанын оқып, жүрегім толқып кетті… Бір көмек керек болса, осы Ақсанаға керек! Кезінде Шалқармен араласқан қыз-жігіттер осындайда отбасының жанынан табылса екен дейсің! Əруағы риза болар, ең болмаса… ”

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар