Германия энергия көздеріне көшу барысындағы өз тәжірибесімен бөліспек

/uploads/thumbnail/20170716220621944_small.jpg

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Германия Федеративті Республикасының президенті Франком Вайтер Штайнмайермен бірге ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Федеративті Республикасының Ұлттық күнін мерекелеу аясында Германия Ұлттық павильонын аралады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара барысындағы ең өзекті және талқыланған тақырыптардың бірі - инновациялық технологияларды енгізуге ұмтылған алыптар үшін ғана емес, сондай-ақ орта және шағын  кәсіпорындардың жаңғыртылмалы энергия көздеріне көшу болды. Бұл туралы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Германия Ұлттық күнін мерекелеу барысында Германия Федеративті Республикасының президенті Франк-Вальтер Штайнмайер айтты. Оның айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Германия павильоны болашақ энергиясының келбетін көрсететін болады.

 «Энергия өндіру, жаңартылатын энергия, энергияның тиімділігі, орталық емес энергия өндіру, энергетикалық желілердің кеңеюі – барлығы да энергетикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшудің салдары болып табылады. ЭКСПО-2017 көрмесінде болашақта қуат көзінің құрылу мысалдары көрсетілген. Сондай-ақ, біз таңдаған ұранымен бірге - «Энергетика дұрыс жолда» -  Германияда жинақталған тәжірибені көрсетеміз. Біз болашақ энергия терезесін, энергетика болашағы туралы идеяларымызды көрсеткіміз келеді. Оның ішінде болашақта энергияның қалай жинақталатын, сақталатын, өндірілетін және таратылатын толық трансформация тәсілдерімен таныстырамыз»,-деді Франк-Вальтер Штайнмайер.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Болашақ энергия» тақырыбындағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің табысты өтуі әлемде баламалы энергия көздерінің пайдалануына, жаңа технологияларды дамытуына ықпал ететінін атап өтті. Оның айтуынша, Германия энергия тиімділігі,  жаңартылатын энергия көздерін үнемдеу саласында әлемдік көшбасшы болып табылады.

 «Бүгінгі күні, тұжырымдамасы «Энергия дұрыс жолда» болып табылатын Германия павильоны ЭКСПО-2017 шеңберінде ең ірі және танымал болып келеді. Оның ішінде халықаралық қатынастар және байланыстарды дамытуына септігін тигізетін іскерлік және мәдени шаралар өтеді. Сондай-ақ, жаңартылатын энергия мәселелері бойынша Германия тәжірибесі Қазақстанда жоғары сұрансықа ие»,- хабарлады Жеңіс Қасымбек.

Өз сөзінің соңында, Жеңіс Қасымбек қазіргі уақытта қазақ-неміс қарым-қатынастар жоғары сенімділік дәрежесі және оң  серпінмен сипатталатынын хабарлады. Оның айтуынша, биылғы жылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығы тойланып жатыр. Осы жылдар ішінде халықаралық ұйымдар шеңберінде және екіжақты форматта Қазақстан-Германия қарым-қатынастарының айтарлықтай кеңеюі және нығайтуына қол жеткізілді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар