ШҚО Бесқарағай ауданында екі жұмысшы әйел үшін төбелесіп бірі екенішісін пышақпен жарақаттаған. Содан кейін 43 жастағы қылмыскер мен жалғыз куәгер-әйел оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен ер адам бір тәуліктен кейін қайтыс болған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Ермек, Ербол, Гүльнара- үшеуі түнде өздері жұмыс істейтін фермада ішімдік ішкен. Қатты масайраған соң, Ермек Гульнараға өзімен бірге Семейге баруды ұсынады. Анасы оған үйленуге рұқсат бергенін айтады. Мұны естіген Ербол Ермекпен сөзге келген. Оның да әйелге көңілі бар болуы керек. Ұрыс төбелеске ұласқан. Ермек қарсыласын бірнеше рет пышақпен ішінен ұрған. Гүльнара жарақаттанған Ерболды төсекке жатқызып су берген. Әйелдің сотта берген жауабы бойынша, ол атқа отырып көмек іздемекші болған, бірақ қорқып айнып қалған.
Оқиғаның ертесінде Ермек қашпақ болған. Ол Гүльнармен бірге Семейге кетіп, тек ертесінде ғана Ермек ферма бастығына хабарласып болған жайт туралы айтып берген. Ферма бастағы оқиға орнына жеткенде Ербол әлі тірі болған. Алайда жедел жәрдем жеткенше көз жұмған. Сотта Ермек барлық кінәні Гүльнараға жаппақшы болған. Әйелден қорыққандықтан,шешімін өзгерткендігін айтқан. Алайда барлық айғақтар Ермектің кінәлі екенін көрсетті. Бесқарағай аудандық соты Ермекті 9 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Пікір қалдыру