Ассошиэйтед Пресс: Путиннің "еркектігі"

/uploads/thumbnail/20170708155801049_small.png

«Қытайда Азия-Тынық Мұхиты елдерінің экономикалық ынтымақтастығы саммитінің форумы өтіп жатқанда көптеген қызықты жайттар орын алуда»,-деп жазады шетелдік баспа сөздер. Қытай басшысы Си Цзиньпин Құрама Штаттардың президенті Барак Обамамен әңгімеде отырған кеште Владимир Путин Си Цзиньпиннің әйелінің шәлісін алып, оны арқасына жауып қойғаны әлеуметтік желілерде қызу талқыға тұздық болды»,-дейді ғаламдық ірі жаңалықтар агенттігі « Ассошиэйтед Пресс». Американдық ақпарат көзінің айтуынша, Путиннің бұл «еркектігі» көптеген қытай әйелдерінің жүрек қылын қозғап үлгерген-ды.

Алайда, қытай ресми билік тарапы бұл жайтқа басқалай көз-қарас ұстанып отыр. Бұл қызықты сәт қытай орталық теле арнасы арқылы таратылған соң, бейне жазба бүкіл ғаламторды шарлап кеткен. Бірақ, көп өтпей олардың барлығы қытай билігі тарапынан барлық сайттарынан өшірілген.

« Қытайлар таныс емес ер мен әйелдің қоғамдық ортадағы өзара іс-әрекеттеріне өте консервативті түрде қарайды. Осы жолғы Путиннің бұл қимылдары қытай лидері ұната қоймайтын қоғамдық ерсі қалжыңдарға себеп болып кетуі мүмкін»,-деп түсінік берген Бейжіңдік тәуелсіз комментатор Чжан Лифань бейне жазбаның қытай ғаламторларынан алынып тасталуы туралы.

«Қытай БАҚ-тары Қытай басшысы мен оның әйелі  Пэн Лиюань арасындағы махаббатты қатты нәсихаттайтын. Ал, осы жолғы Владимир Путиннің қылығы бәрін былықтырып жібергендей болды»,- деп жазады « Ассошиэйтед Пресс» тағы да.

Видеода қытай бірінші ханымы Пэн Лиюань орнынан тұра бере Владимир Путин жағынан жамылдырылған шәліні иығына іліп жатып, оған иіліп рахымет айтады. Алайда, сәлден кейін, ханым онысын шешіп, өз көмекшісінің беруімен қара сырт кимін жамылады.

Осыдан кейін бұл қытайлық интернет қолданушылар жағынан жаппай қызу талқыға түскен. Бірақ, көп ұзамай бұл бейнежазба ресми билік тарапынан барлық сайттар мен желілерден өшірілген.

Ал, мұны қытай мамандары халыққа барынша түсіндіріп әлек болуда көрінеді.

« Мұны орыс еркектерінің әйелдерге құрмет білдіргендегі іс-әрекеті деп түсіну керек. Ресей сияқты ауа райы суық елдерде, джентльмендер әйелдердің сырт киімдерін кюге және шешуге көмектесуі қалыпты жайт»,-дейді қытайлық комментаторлар: « әрине, бұл бізге ол ерсі көрініп тұрса да».

видео:

Т.Шаншарбек

Қатысты Мақалалар