Бір күн бұрын жоғалған 18 жастағы қыз аман-есен Алматыда табылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы жоғалған қыздың туыстары хабарлады.
"Ата-анасы: "Қызымызды таптық! Ол үйде. Бізге көмектескендерге көп рақмет! Қолдау білдіргендеріңізге алғыс білдіреміз" деп жазды", Nailya Kanf Facebook желісінде.
Оқиғаның мән-жайын туыстары әзірге хабарлаған жоқ.
Бұдан бұрын, Мариям Айсаеваның 11 шілдеде Алматы маңындағы Қырғауылды кентінде жоғалғаны хабарлаған. Туыстары қызды іздеуге көмек сұраған болатын.
Пікір қалдыру