Павлодар қаласындағы Торайғыров көшесі бойындағы жатақханадан түнгі сағат 12-де өрт шығып, 31 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz мәліметіне сүйеніп.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті ақпарат бөлімінің хабарлауынша, бес қабатты жатақхананың үшінші қабатынан тұтанған өрт ғимараттың 40 шаршы метр аумағын шарпыған.
- Жатақхана бөлмелеріне кірген оттан үй ішіндегі киімдер, тұрмыстық техникалар, ағаш едендер жанған дейді, - мамандар.
– Оқиға орнына жедел келген құтқарушылар 31 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Оның 12-сі бала. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттен бір техника және үш адам жұмылдырылды. Мамандардың сөзінше, өрт түнгі сағат 01:19 минут дегенде толықтай сөндірілген. Денсаулығы сыр бергендерге медицина қызметкерлері сол жерде көмек көрсетті. Қазіргі таңда өрттің себеп-салдары мен шығын көлемі анықталуда.
Пікір қалдыру