Қазақстан каратэ-до бойынша «Токио-2020» Олимпиадасына қатысуға ниетті

/uploads/thumbnail/20170716220700935_small.jpg

13-16 шілде аралығында Астанада каратэ-до олимпиадалық спорт түрі бойынша Азия чемпионаты өтеді. Спорт бәсекесіне қатысу үшін 30-дан астам елдің 627 үздік спортшысы келді. Азия чемпионаты қазақстандық спортшылар үшін «Токио-2020» Олимпиада ойындарына ұпай жинауға мүмкіндік береді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Орталық коммуникациялар қызметінде каратэ-до бойынша өтетін ересектер арасындағы XIV Азия чемпионаты және кадеттер мен жастар арасындағы XVI Азия чемпионатына арналған баспасөз конференциясы өтті. Оған ҚР каратэ-до федерациясының вице-президенті Санауов Жасталап Әбдіқаниұлы,  Бүкіләлемдік Каратэ-до федерациясының президенті Антонио Эспиноз, Бүкіләлемдік Каратэ-до федерациясының бас хатшысы Нагура Тошихиса, «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрағасы  Ерлан Қарин қатысты. «Қазақстан» Ұлттық арнасы шараның ақпараттық қолдаушысы.

Қазақстан құрамасы 2016 жылдың 3 тамызында Рио-де-Жанейродағы Олимпиада комитетінің отырысында «WKF каратэ-до» 2020 жылы Токио Олимпиадасында көрсетілген олимпиадалық спорт түрлерінің тізіміне енді. Ал, Азия біріншілігі елімізде тұңғыш рет өтуде. Бұған дейін Малайзия, Сингапур, Жапония мен Қытай сынды алпауыт мемлекеттерде ұйымдастырылған.

-Сонымен қатар, каратэ-додан Қазақстанның Ұлттық құрамасынан әлем және Азия чемпиондары мен жүлдегерлерінен құралған 70 үздік спортшы қатыспақ.   Олардың арасында Азия ойындарының чемпионы және үш дүркін Азия чемпионы Сағындықов Ринат та бар.  Оның жалпы ұпай саны – 1215.  Ол 67 келі салмақта қатысады. 2015 жылы өткен әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы командалық есепте екінші орынды алған болатын, - деді ҚР каратэ-до федерациясының вице-президенті Жасталап Санауов.  

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар