Полиция қызметкерлерінің болжауынша, белгісіз біреу от шашу ретінде оқ атқан, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Life.ru сайтына сілтеме жасап.
13 жастағы Ной Инман үйінің ауласында баскетбол ойнап жүрген кезінде кенеттен жерге сылқ ете түскен. Барлығы оны есінен танып қалды деп ойлаған, алайда ауруханаға келгеннен соң дәрігерлер мүлдем басқа жағдай болғандығын айтты. Олар Ной Инманның басынан жарақат алғандығын мәлімдеген. Оны дереу Чикагодағы Комер балалар ауруханасына алып келіп, ота жасатқан. Нәтижесінде, дәрігерлер баланың басынан бір оқ алды.
Қанша тырысқанымен баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Ной Инман есін жимастан бір аптадан соң қаза тапты. Полиция басқармасы аталмыш оқиғаға байланысты зерттеу жұмыстарын бастап кетті, алайда әлі күнге дейін нақты бір мәлімет жоқ.
Сарапшылардың айтуынша, оқ баланың үйі орналасқан көшеден кейінгі көшедегі үйлердің бірінен ұшқан. Белгісіз біреу от шашу ретінде ауаға оқ атқан деген болжам бар.
Шолушы: Назерке Лабихан
Пікір қалдыру