Түркияда Умаровтың "Нәубет" фильмі көрсетілді

/uploads/thumbnail/20170708155808602_small.jpg

Түркия Республикасының астанасы Анкара қаласында орналасқан Гази университетінде кинорежиссер-документалист Қалила Умаровтың «Нәубет» деректі фильмі көрсетілді. Бұл туралы "Қамшы" порталына «Анкара Қазақ Жастары» бірлестігі мәлімдеді.

«Анкара Қазақ Жастары» бірлестігінің ұйымдастыруымен өтетін басқосуға Түркиялық зиялы қауым мен студент жастар қатысады. Айта кетерлігі, қазақ халқының ұлы қасіреті – ашаршылық турасындағы «Нәубет» деректі фильмі жарыққа шыққан 22 жылдан соң Қазақстаннан тыс жерде тұңғыш рет көрсетіліп отыр.

Қатысты Мақалалар