Бірер күн бұрын қазақстандық блогерлер Алматы әуежайына Талғат Бигелдиновтің атын беру туралы ұсыныс жасаған болатын.
Аталған ақпарат туралы Алматы әуежайының ресми өкілі журналистерге берген жауабында: "Шын мәнінде, Талғат Бигелдинов - батыр, ол даңқты ұшқыш. Отанына бергені көп және біз оның ұшқанын көріп, ұшқыш болуды армандадық. Бірақ біздің әуежай Алматының атымен аталған, ол "Алматы халықаралық әуежайы" деп аталады. Атын ауыстыру туралы әңгіме айтылып жатқан жоқ" деді.
10 қараша күні 93 жасқа қараған шағында даңқты ұшқыш, авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов өмірден озды.
Бигелдинов 1957 жылы Алматы әуежайының қалпына келтіру жұмыстарына басшылық жүргізіп, ұшу-қону жолағының кеңеюіне үлес қосқан екен.