Бірнеше ғасырлық тарихы бар қала бұл атаққа әбден лайық.
Шымкент қаласы 2020 жылы ТМД-ның мәдени астанасы атанады. Бұл туралы ТМД-ның ірі қалалары мен астаналарының халықаралық ассамблеясының XXV сессиясында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Әр жылдары ТМД-ның мәдени астаналыр ретінде Алматы мен Астананы танып келеміз. Қазақстан осы бағдарламаны толығымен қолдайды және оның орындауына белсене кірісті. Сол себепті 20 жылдары Достықтың мәдени астанасы ретінде елдің оңтүстігінде орналасқан бай әрі бірнеше ғасырлық тарихы бар Шымкентті ұсындық», - деді Василенко.
Оның айтуынша, «Достықтың мәдени астанасы» бағдарламасы ТМД елдері арасындағы ынтымақтастықты көрсетті. Аталмыш бағдарлама 2012 жылдан бері жүзеге асып келеді.
Шолушы: Гүлім Жақан
Пікір қалдыру