Американдық сенатор Сауд Арабиясын террористерді қолдап отыр деп айыптады

/uploads/thumbnail/20170716220710936_small.jpg

Сенатор Боб Коркер Сауд Арабия билігін терроризмді қолдап жүр деп айыптады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Al-Jazeera-ға сілтеме жасап.

Коркердің ойынша, Сауд Арабиясы терроризмді қолдау үшін көп іс атқарды.

«Сауд Арабиясының лаңкестікті қолдау мақсатында жасағаны Катардың әрекетін мың орап әкетеді. Сауд Арабиясы мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп пен араб елдері арасындағы Эр-Риядта өткен конференциядан кейін жасаған әрекеті менің көңілімді қалдырды. Бәлкім бұл таққа жаңа келген ханзаданың қателігі шығар» деді Боб Коркер.

 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар