Бейбітшілік және Келісім сарайында Елбасының қатысуымен салтанатты іс-шара өтті

/uploads/thumbnail/20170716220713471_small.jpg

2017 жылғы 13 шілдеде Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толуын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.

Құрметті меймандар арасында республикамыздың әлеуетті және құқық қорғау құрылымдарының, министрліктері мен ведомстволарының басшыларымен қатар, шетел арнайы қызметтері делегацияларының басшылары ресми өкілдері және ардагерлері болды.

Сөз сөйлеу барысында Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органдары өз қызметінің алғашқы күндерінен бастап жаңа ішкі және сыртқы саяси жағдайды ескере отырып, ел басшылығына мемлекет құрудың басым бағыттарындағы аса маңызды мәселелерді шешуде қарқынды жәрдем көрсеткенін атап өтті.

Мемлекет басшысы сондай-ак ұлттық қауіпсіздік органдарының барлық жеке құрамы мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады және ведомствоның жекелеген қызметкерлеріне жоғары мемлекеттік наградалар тапсырды. 

Салтанатты іс-шара деректі фильм көрсету және концерттік бағдарламаға ұласты.

Шолушы: Гүлім Жақан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар