Қазақстандық дзюдошы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

/uploads/thumbnail/20170716220716309_small.jpg

Спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының оқушысы Ерлан Оңалов Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында дзюдодан өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпараттық агенттігі  ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

Аталмыш мектептің әдіскері Гүлдария Сисенованың айтуынша, Ерлан 50 кг салмақта алғашқы белдесуінде өзбек палуаны Мақсот Очиловты иппон әдісімен таза жеңді. Содан кейін жартылай финалда моңғол спортшысы Тимуджин Ганбургетке жол берді. Үшінші орын үшін бәсекеде Тәжік елінің өкілі Шарифбек Нәбиевті тізе бүктірді. Ерген Усманов пен Нариман Бекқалиев жаттықтыратын спорт шеберлігіне үміткер Ерлан Оңалов - талай додада олжа салып жүрген палуан, соның ішінде қос дүркін ел чемпионы, Еуропа кубогының екі мәрте қола жүлдегері. Сонымен қатар 2016 жылы Якутиядағы «Азия балалары» ойындары мен Тюмень қаласында 2000-2002 жылғы жасөспірімдер арасында өткен халықаралық турнирде де қола медальға ие болды.


 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар