Ресейлік бір отбасы Түркияда жоғалып кеткен

/uploads/thumbnail/20170716220728549_small.jpg

Ресейдің Анкарадағы елшілігі Түркияда жоғалған ресейлік отбасы туралы мәлімет іздеп жатыр. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Саратов қаласының тұрғындары: Светлана Уханова мен оның азаматтық некедегі күйеуі Евгений Кочаари мен қыздарының жоғалғаны туралы туысқандары мәлімдеген. Ресей елшілігі аталған азаматтар ел территориясында ма, жоқ па білу мақсатында Түркияның құзырлы органдарына хабарласқан. Егер оларды депортациялау қажет болса, Ресейге депортациялауға өтініш білдірген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар