Нобель сыйлығының лауреаты, көпшілікке танымал құқықорғаушы, қытайлық диссидент 61 жасында қаза тапты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Осыдан 1 ай бұрын Лю түрмеден Қытайдың солтүстік-шығысындағы ауруханаға ауыстырылды. Жергілікті мәліметтерге сәйкес, құқыққорғаушы бауыр обырынан қаза тапқан.
Лю Сяобо – публицист, профессор, құқыққорғаушы. Өз мақалаларында Қытайдағы көппартиялы жүйені енгізу жөнінде жазғаны үшін 2009 жылы 11 жылға сотталған.
2010 жылы Лю Сяобоға Нобель сыйлығы берілді. Бұл шешім Пекинді дүр сілкіндірді. ҚХР СІМ норвегиялық елшіге ресми наразылығын білдірген.
Ал Нобель комитетінде Лю Сяобоны Қытайдағы адам құқығы үшін күрескен басты символ деп ататды. Сол себепті премияны тартып алуға рұқсат берлген жоқ, алайда салтанатты рәсімде оның орны бос тұрды.
Қытай билігі жағдайы мүшкіл Лю Сяобоны шетелге емдетуе рұқста бермеген. Нобель комитенінің мәліметінше, құқыққорғаушыынң мезгілсіз өлімі үшін қытай билігі жауапты делінген.
Шолушы: Гүлім Жақан
Пікір қалдыру