Ресейдің Анкарадағы елшілігі Түркияда жоғалған ресейлік отбасы туралы мәлімет іздеп жатыр. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Известия басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Түркияда жоғалып кеткен Саратов қаласының тұрғындары: Светлана Уханова мен оның азаматтық некедегі күйеуі Евгений Кочаари мен екі қызы Сирияға қашпақшы болған.
Олар Түркия-Сирия шекарасында ұсталған. Ресейлік отбасыны Сириядағы радикалды топтарға қосылмақ болғаны үшін айыптап жатыр. Олар 1 айдың көлемінде өздері туралы хабар бермей кеткен. Әйелдің бұрыңғы күйеуі оларды іздестіріп елшілікке хабарласқан.
Әйел өз отбасымен Түркия-Сирия шекарасын жалған құжаттармен өтпекші болған кезде ұсталған. Жақындарының айтуы бойынша, соңғы уақыттары Светлананың мінез-құлқы өзгеріп кеткен, ол исламды қабылдап діннің радикалды ағымдарына қызығушылық танытып жүрген.
Қазіргі уақытта Ресей елшілігі азаматтардың ұсталғаны туралы мәліметті тексеріп жатыр.
Пікір қалдыру