АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысын елге шақыратынын айтты, алайда кездесудің қазір өтпейтінін мәлімедеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ақ үйдің баспасөз қызсметінің мәліметінше, АҚШ президенті бұл туралы 13 шілде күні айтқан. 12 шілде күні Reuters агенттігіне берген сұхбатында Трамп Путинмен алғашқы кездесуінде Ресей басшысының 2016 жылғы АҚШ-та өткен президенттік сайлауда араласуға әрекет жасаған Кремльдің қатысы барын жоққа шығарды. Трамптың айтуынша, ол осы мәселені Путинмен жарты сағат көлемінде талқылаған.
Шолушы: Гүлім Жақан
Пікір қалдыру