Аса ауыр салмақтағы WBA Super, IBF, IBO белбеулерінің иегері Энтони Джошуаның промоутері Эдди Хирн Sky Sports арнасына сұқбат беріп, алдағы уақытта Джошуа мен украиналық Владимир Кличко арасындағы екінші кездесуді екінші рет өтетінін жоспарлап жүргенін айтты.
Бұл екі боксшы арасындағы екінші кездесу Лас-Вегас қаласында өту әбден мүмкін. Қазіргі уақытта Лас-Вегастың екі бірдей спорт кешені – MGM Grand пен T-Mobile Arena бұл бокс кешін қабылдауға үмітті. Дереккөздің мәліметі бойынша, промоутер жекпе-жекті 11 немесе 18 қарашада өткізуді жоспарлап отыр.
«Біз Лас-Вегаста Ричард Штурм және MGM Grand спорт кешенінің қожайынымен кездестік. Сонымен қатар T-Mobile Arena ішін аралап шықтық. Расында екеуі де керемет кешендер. Екі спорт кешені де жекпе-жекті қабылдауға зор ниет білдіріп отыр. Менің ойымша, келесі аптада Джошуа мен Кличконың реваншы қайда өтетіні белгілі болады», – дейді Хирн.
Еске салайық, Джошуа мен Кличко арасындағы 29 сәуір күні «Уэмбли» стадионында өткен кездесу британдық боксшының жеңісімен аяқталған еді. Ол жекпе-жектің 11 раундында Энтони қарсыласын нокаутқа түсірді.
Ал T-Mobile спеорт кешені 20 мың жанкүйерге арналған. Дәл осы жерде 26 тамыз күні америкалық кіші Флойд Мейвезер мен ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы кездесу өтсе, 16 қыркүйек күні қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес жекпе-жек өткізеді.
Пікір қалдыру